Ол өз шағымында Оңтүстік Кореяның "Кальмар ойыны" телехикаясы оның фильмінің тікелей плагиаты екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bloomberg-ке сілтеме жасап.
"Кинорежиссер Сохам Шах Нью-Йорктегі федералды сотта Netflix-ке қарсы шағым түсіріп, "Кальмар ойыны" жобасы оның хинди тіліндегі Luck фильмінің ("Фортуна", 2009) көшірмесі екенін алға тартты", — делінген басылымда.
Шағымда Шах Netflix-тің ең танымал сериалдарының бірінің негізгі сюжеті, кейіпкерлері, тақырыбы, атмосферасы, орналасқан жері мен оқиғалар тізбегі оның фильміне өте ұқсас екенін және дәл осындай кездейсоқтықтың болуы мүмкін емес екенін көрсетеді.
Сервис өкілі өз кезегінде Үнді режиссерінің айыптауларында ешқандай себеп жоқ екенін және Netflix өз жобасын қорғауға бар күшін салатынын айтты.