Шолпан Каринованың айтуынша, бұл сериалға белгілі бір шектеулер бар, яғни туындыны 18 жастан асқан ересектер ғана көре алады.
"Ең алдымен, бұл фактіге ата-аналар назар аударуы керек. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік іс-шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырата білуге дағдыландыруға тиіс. Яғни мектептер де бұл мәселеге назар аударады", – деді ол.
Ол осы жылдан бастап барлық білім беру ұйымында балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытуға, ақпаратты ажырата білуге және дұрыс таңдауға арналған "Жаһандық құзыреттіліктер" курсы енгізіліп жатқанын айтып өтті.
"Бұл курс осы оқу жылынан бастап енгізілді. Бірақ білім беру функциясы аясында мектептер де аталмыш сериалға қатысты шектеулерді есте ұстауы керек", – деп түйіндеді Каринова.
Тасқын Болатұлы