Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

1893

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.  

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов 1957 жылдың 18 мамырында Алматы облысы, Іле ауданының Дмитриевка ауылында дүниеге келген.

1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

12.2003-06.2005 – Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

11.04.2011-12.02.2019 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

12 ақпан 2019 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу