Қалмұханбет Қасымовтың отставкасы ІІМ құзырында емес - Рашид Жақыпов

874

ІІМ министрдің отставкасына қатысты пікір білдірді.  

Қалмұханбет Қасымовтың отставкасы ІІМ құзырында емес - Рашид Жақыпов

ҚР ішкі істер министрлігінде ведомство басшысының отставкасы туралы Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің талабына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Министрдің отставкасы туралы мәселеге тоқталсақ, өздеріңіз білесіздер, бұл жағдай ішкі істер министрлігінің құзырында емес. Бұл сауалға қатысты тыңғылықты жауап бере алмаймын. Министр сапарда жүргендіктен, баспасөз мәслихатына қатыса алмады", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов. 

Айта кетсек, Денис Теннің ұрылардың қолынан қаза болғанынан кейін әлеуметтік желілерде министрдің қызметінен кетуін талап еткендер көп болды. Алматы қалалық қоғамдық кеңесі Қалмұханбет Қасымовтың орнын босатуына талап қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу