Қалмұханбет Қасымов: Руслан Күлекбаев түзелмейді

1289

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қылмыскердің наным-сенімі өзгермеген айтты. 

Қалмұханбет Қасымов: Руслан Күлекбаев түзелмейді  Фото: ortcom.kz

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "алматылық мерген" Руслан Күлекбаевтың суицид жасамақ болғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жуырда БАҚ бетінде Қостанай облысы УК-161/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан террорист Руслан Күлекбаевтың екі рет өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тараған еді. Министрдің айтуынша, Күлекбаев қатаң режимді түрмеде, бейнебақылауда. 

"Ол екі рет өзіне қол салмақ болды. Қарауыл оның төсек жаймасын байлап жатқанын көрген. Қызметкерлер оған кедергі жасап, суицидке жол бермеді", — деді Қасымов. 

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қылмыскердің наным-сенімі өзгермеген айтты. 

"Ашығын айтқанда, ол түзелмейді. Сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаймыз",  —деген пікірін білдірді министр. 

Еска сала кетсек, 2016 жылдың шілдесінде Руслан Күлекбаев Алматыда он шақты адамды атып өлтірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу