Қалмұханбет Қасымов: Жазасын өтегендердің үштен бірі қайта қылмыс жасайды

934

Қалмұханбет Қасымов: Жазасын өтегендердің үштен бірі қайта қылмыс жасайды

Елімізде сотталып, жазасын өтегендердің үштен бір бөлігі бостандыққа шыға салысымен қайта қылмыс жасайды. Мұндай статистиканы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов келтірді. Осы ретте бостандыққа шығатындармен жүргізілетін іс-шаралар аса маңызды. Қазіргі таңда жазасын өтеу мерзіміне бір жыл қалғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша арнайы жеке бағдарлама құрылады. Осылайша сотталған адаммен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып, міндеттемелері түсіндіріледі, - деді министр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР ішкі істер министрі:

"Жыл сайын елімізде колониялардан 10 мыңнан астам азамат босатылады. Колонияларда сотталғандардың жалпы орта және кәсіби білім алулары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мекемелерде 53 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. 47 кәсіби колледждің базасында 35 мамандық бойынша оқыту жүргізіледі"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу