Қалың қар тараздықтарды әбігерге салды

307

Соңғы 2 тәулікте Тараз қаласында қар тоқтамай жауды.    

Қалың қар тараздықтарды әбігерге салды Фото: gov.kz

Коммуналдық қызмет тәулік бойы қызмет көрсету режиміне көшті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі тәуліктен бері тоқтаусыз қар түсіп, қалыңдығы жарты метрден асып кетті. Салдарынан шаһардағы көлік қатынасы біраз қиындап қалды. Соқтығысқан көліктер, жолдан шыққан автобустар бар.

Ал коммуналдық қызмет мамандары түні бойы көше тазалығымен және сынған ағаштарды жинаумен айналысып жатыр.

Көшелерді омбы қардан тазалау үшін 80-нен аса арнайы техника мен 500-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Ал, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға 10 мердігерлік ұйым жауапты. Бұл бағытта 93 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу