Қалың қардан 45 ресейлік турист құтқарылды

478

Ақмола облысында аязды күні Ресейден шыққан туристік автобус қарға батып қалған.

Қалың қардан 45 ресейлік турист құтқарылды Фото: SN.kz

24 ақпан күні патрульдік полиция батальонының 4-ші взводының командирі Ерлан Дарбаев пен инспектор Санжар Қожеғұловқа Жақсы - Есіл - Бұзұлык автожолында колоннада Ресей Федерациясының 45 азаматы бар автобус тұрып қалғаны туралы хабар түскен, деп жазады inbusiness.kz.

"Мән-жайларды анықтау барысында РФ Челябинск қаласындағы туристік фирмаға тиесілі автобус Астана қаласына 45 турист пен еріп жүрушіні алып келе жатқаны белгілі болды. 

Түнде Қостанай қаласынан шығып, алайда ауа-райының қолайсыздығы мен қозғалыстың шектелуіне байланысты көлік құралы қарлы жолда тұрып қалған", - делінген хабарламада.

Полиция экипажы туристер тамақтандыру үшін жақын маңдағы дәмханаға, содан кейін Есіл қаласындағы жылыту пунктіне автобусты ерте жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу