Алматыда таңертең күн күркіреп, қалың нөсер жауды. Салдарынан арықтар арнасынан тасып, көшелер мен аялдамалар суда қалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Көпір астындағы жолдарға су толып, көліктердің жүруіне кедергі келтірді. "Қазгидромет" АҚ синоптиктері қалада ертең де, арғыкүні де жауады жауын деп болжап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу