"Қалыңдығын" жүксалғышқа тығып, блок-бекеттен алып өтпек болды

995

Енді олар карантин режимін бұзғаны үшін 27 мың теңгеден айыппұл төлеуі мүмкін.

"Қалыңдығын" жүксалғышқа тығып, блок-бекеттен алып өтпек болды

Қарағанды облысында "Ауди" жүргізушісі жүксалғышқа тығып, бекеттен адам алып өтпек болды.

Бұхар жырау ауданындағы Мұстафин елдімекеніндегі блок-бекетте түнгі сағат 23.30-да полиция қызметкерлері "Ауди" көлігін тоқтатып, тексеру барысында жүксалғышта адам барын анықтаған. Көлікті жүргізушісі әйелді "қалыңдығым" деп таныстырыпты.

Бұл іске қатысты әкімшіліктік құқық бұзушылықтың 476 бабы 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылған. Енді олар карантин режимін бұзғаны үшін 27 мың теңгеден айыппұл төлеуі мүмкін.

Осы оқиғаның алдында дәл осы бекетте "Лада Приори" көлігінің  жүргізушісі блок бекеттен ер адамды жасырып, алып өтпекші болған. Карантин режимін бұзған көлік жүргізушісіне және оның танысына қатысты әкімшіліктік хаттама толтырылған.

Осылайша Қарағанды өңірінде карантин режимін сақтағысы келмегендер түрлі айлаға көшуде.

Айта кетсек, Қарағанды облысында 24 сәуірдегі жағдай бойынша кесел жұқтырған тұрғындар саны 108 ге жетті. Ал бір адам аталған дерттен көз жұмды. Отыз адам жазылып шықты.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу