Қалыңдықты ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

534

Қызды алып қашқан жігіттер ауыр жазаға тартылатынын түсіне бермейді. 

Қалыңдықты ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды Фото: svadbavo.ru

Қазіргі уақытта қызды ұрлау тәжірибесі жойылуда, оның үстіне бұл адам құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді.

Қоғамда мұндай әрекеттер әйелді қорлау, зорлық-зомбылық көрсету болып табылады.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы көрсеткен.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жайлар анықталатын болады.

Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу