"Қалжат" кеден бекетінде 24 мыңнан астам заңсыз әкелінген көлік бөлшектері табылды

433

Қорытындыға сәйкес декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 37,1 млн теңгені құрады. 

"Қалжат" кеден бекетінде 24 мыңнан астам заңсыз әкелінген көлік бөлшектері табылды Фото: yandex.kz

Алматы облысы бойынша МКД "Қалжат" кеден бекетіндегі тексеру барысында зияткерлік меншік объектілерін заңсыз алып өту дерегі анықтады. Тәркіленген тауардың саны 24 мыңнан астам. Онда Hyundai, Kia сауда маркасының бөлшектері табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алынған тауарларда зияткерлік меншік объектілері болып есептеледі. Оның жалпы салмағы 10 613 келі.

Бұл ретте декларант пен өкілдің атына құқық иеленушінің сенімхаты бойынша тауарларды шығаруды тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлама жіберілді.

Қорытындыға сәйкес декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 37,1 млн теңгені құрады.

Құқық иеленушінің өтініші негізінде шешім қабылдау үшін іс материалдары Алматы облысы бойынша құзырлы органға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу