Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне үміткер ретінде кімді таңдағанын айтты

164

АҚШ вице-президенті және демократтар атынан президенттікке үміткер Камала Харрис Миннесота штатының губернаторы Тим Уолзды вице-президенттікке кандидат етіп таңдады. 

Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне үміткер ретінде кімді таңдағанын айтты Фото: Moldova 1

Бұл туралы Харрис X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс"-қа сілтеме жасап.

Камала Харрис Тим Уолзды "америкалық армияның губернаторы, жаттықтырушысы, мұғалімі және ардагері ретінде жұмысшы отбасыларға көп нәрсе жасады" деп баса айтты.

Өз кезегінде Тим Уолз да X желісінде Камала Харристің ұсынысын "ең үлкен құрмет" деп бағалады.

Осыған дейін АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харристің Уолздың кандидатурасын таңдағаны туралы жетекші БАҚ-тар жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу