Атышулы Перизат Қайраттың "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоры жабылады

472

Қоғамдық бірлестік 2021 жылы тіркелген. 

Атышулы Перизат Қайраттың "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоры жабылады Фото: коллаж inbusiness.kz

Перизат Қайрат басқарған "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі жабылады. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 11 қазанында Астана қаласындағы әділет департаментінде тіркелген.

"Осы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған ұйымның мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танып, мәжбүрлеп таратуды көздейтін талап-арыз берілді. Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды. Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген",  делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу