Қамаудағы Навальныйға дәрі-дәрмек берілетін болды

469

Алексей Навальный түрмедегі изоляторда ауырып қалды, бірақ оған дәрі-дәрмек берілмеді және күндіз төсекке жатуға рұқсат етілмеді.  

Қамаудағы Навальныйға дәрі-дәрмек берілетін болды Фото: static.dw.com

Дәрігерлердің Путинге жазған ашық хатынан кейін ғана оған антибиотиктер мен қайнаған су беріле бастады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев Twitter-де жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Түрмедегі оппозиционер Алексей Навальныйдың денсаулығы жақсарып, беті бері қарады, оған антибиотиктер мен күніне екі қосымша қайнаған су берілетін болды", - делінген жазбада.

Навальный 3 қаңтарда ауырып бастаған, ал 9 қаңтарда оның жағдайы нашарлады –  одан ЖРВИ-дің барлық белгілері байқалды: қалтырау, безгегі, қатты жөтел.

Саясаткер түрменің айыппұл изоляторында болғандықтан, ол ауруды аяқтан тік тұрып көтеруге мәжбүр болды, өйткені күндіз төсекте жатуға болмайды. Сонымен қатар, Навальныйды медициналық бөлімге жіберуге рұқсат берілмеді, онда "тұмаумен ауыратындарға толы" деп түсіндірілді, бірақ оның камерадағы көршісін бірнеше рет медициналық бөлімге бір тәулікке жатқызып, қайта жіберіп отырды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу