banner

Қамбаға 18,2 млн тонна астық құйылды

904

Орташа түсімділік гектарына 12,3 центнерді құрады. 

Қамбаға 18,2 млн тонна астық құйылды

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндама жасап, егін жинау науқанының аралық нәтижесін жариялады.  

Ол астық дер кезінде бастырылғанын және осы істің қарқыны былтырғыдан жоғары болғанын алға тартты. 

"Республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл немесе олардың жалпы жиналатын алқаптың 93,4% орылды. Өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,64% егін қамбаға құйылған. Бүгінге дейін гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу