Қамбарата-1 су электр станциясы жобасы бойынша техникалық кездесу өтті

244

Орталық Азиядағы ірі СЭС жобасы бойынша үш ел келіссөз жүргізді.

Қамбарата-1 су электр станциясы жобасы бойынша техникалық кездесу өтті Фото: gov.kz

Ыстанбұл қаласында Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қырғыз Республикасы, Қазақстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен Камбарата-1 су электр станциясын салу жобасы бойынша техникалық кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев пен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев қатысты.

Кездесу барысында Қырғыз Республикасындағы Нарын өзенінде қуаты 1 860 МВт болатын Қамбарата-1 су электр станциясын салу жобасын іске асырудың алдағы қадамдары талқыланды. Жоба үш мемлекеттің үкіметтерімен бірлесіп жүзеге асырылуда және өңірлік су-энергетикалық ынтымақтастықты дамытуда стратегиялық маңызға ие.

Тараптар жобаны іске асыруға қатысты негізгі техникалық мәселелерді қарастырып, бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Қамбарата-1 су электр станциясын іске асыру Орталық Азияның энергетикалық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ энергетика және су ресурстарын ұтымды пайдалану салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосады.

Өткен кездесу Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның өңірдің су-энергетика секторын орнықты дамытуға бағытталған бірлескен жобаны ілгерілету жолындағы өзара іс-қимылының кезекті маңызды кезеңі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу