Камбоджа үкіметі барлық жағдай жасалған ақылы түрме салмақшы, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Phnom Penh Post-қа сілтеме жасап.
"Кімнің қаржысы жетсе, VIP түрмеге орналастырамыз. Бастапқы кезде 400 адамды қабылдаймыз. Құрылыс толық біткеннен кейін 1,2 мың жазасын өтеуші VIP түрмеге орналастырылады. Оның 180-і есірткіге тәуелділіктен арыла алмай жүргендер. Бағасын компания белгілейді. Жаңа түрмелерде камералар кең болады. Онда жаттығу жасауға да, діни жоралғыларға да орын жетеді", – дейді жергілікті түрмелерді басқару департаментінің төрағасы.
Алғашқы блок 2018 жылдың ортасында қолдануға беріледі. Келісім шартқа сәйкес, түрмеден түскен қаржыны жергілікті билік пен қытайлық компания 45 жыл бойы бөлісіп отырады.