Камчаткада бір сағат ішінде екі рет жер сілкінді

514

Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 10.25-те (Астана уақытымен 04.25) тіркелді.  

Камчаткада бір сағат ішінде екі рет жер сілкінді Фото: kamchatkaland.ru

Магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі сейсенбі күні таңертең Камчатканың шығысындағы Усть-Камчатск кентінің аймағында болды - бір сағатта екінші тіркелген оқиға, деп хабарлады РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы, деп жазады inbusiness.kz.

Екінші жер сілкінісінің ошағы бірінші дүмпуге жақын маңайда - Усть-Камчатск кентінен 84 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 17 шақырым.

Сондай-ақ, сейсенбі күні таңертең Курил аралдарындағы Итуруп аралындағы Рейдово ауылынан шығысқа қарай 181 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бірінші жер сілкінісінен кейін дәл сол жерде 4,7 балддық тағы бір дүмпу тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу