Камчаткада бір тәулікте 120 афтершок болды

284

Өңірлік ТЖД тұрғындарға үндеу жасады. 

Камчаткада бір тәулікте 120 афтершок болды Фото: Алексей Филиппов

Соңғы тәулікте Камчаткада күшті жер сілкінісінен кейін 120 афтершок тіркелді. Бұл туралы өңірлік ТЖМ басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости"-ге сілтеме жасап.

"Тәулік ішінде магнитудасы 3,5-тен 6,7-ге дейінгі 120 жерасты дүмпуі болды. Олардың кейбірі елдімекендерде 2 баллдан 5 балл болып сезілді", – делінген хабарламада. 

Тұрғындарға Авачинский жанартауына бармауға және Безымянный, Шивелуч, Ключевской мен Карымский жанартауларына жақындамау туралы ескерту берілді.

Жұма күні Петропавловск-Камчатскийден 204 шақырым жерде афтершоктар тіркелді. Оның магнитудасы 5,6 болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу