Камчаткада төртінші мәрте жер дүмпуі тіркелді

Мұндай ақпаратты алғашқылардың бірі болып Oxu.Az сайты жазып отыр.

Камчаткада төртінші мәрте жер дүмпуі тіркелді Фото: газета.ру

Ресейдің Петропавл-Камчатский қаласынан 100 шақырымға жуық қашықтықта 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Telegram-арнасы жер сілкінісі туралы бірнеше ақпарат беріп өтті. 

Аталған мәліметке сенсек, жер сілкінісінің эпицентрі 52 шақырым тереңдікте орналасқан, қаупі айтарлықтай. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерге түрлі-түрлі пікір жазып жатыр. Ондағы жазылған пікірлерде сейсмикалық оқиғаның қатты сезілгені көрініс табады. 

Бұған дейін, яғни 20 шілдеде Камчатка түбегінде магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ол кезде де сейсмологтар дабыл қаққан еді. 

Негізінен бұл – осы аймақтағы қатарынан тіркелген төртінші жер сілкінісі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу