Ресей аумағында орналасқан Ключевская жанартауы атқылай бастады. Бұл туралы Жанартаутану және сейсмология институты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін вулканологтар Камчаткадағы Ключев шоқысында қараңғыда жарқырап, жанартаудың белсенділік белгілері байқалғанын хабарлаған.
"Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді", делінген институт хабарламасында.
Жанартауға ең таяу орналасқан елді мекен – Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы. Ол жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан. Дегенмен институт мамандары жанартау атқылауынан елді мекендерге қауіп жоқ екеніне сендіріп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу