Камчаткада жанартау атқылауынан елді-мекендерді күл басты

719

Камчаткадағы Шивелуч жанартауына ең жақын елді мекен - Ключи кентіндегі жанартау күлінің қалындығы қазір шамамен 8,5 см жеткен.

Камчаткада жанартау атқылауынан елді-мекендерді күл басты Фото: РБК

Мұндай құбылыс 60 жылда бірінші рет тіркеліп отырып, деп хабарлайды Inbusiness.kz РҒА Қиыр шығыс бөлімшесінің вулканология институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шивелучқа ең жақын орналасқан елді мекен - Ключи кентінде мұндай көлемде күлдің түсуі соңғы рет 1964 жылы тіркелген. Қазір оның қалыңдығы шамамен 8,5 см жеткен", - деп хабарлады РҒА ҚШБ вулканология және сейсмология институтының директоры Алексей Озеров.

Күл Шивелучтан солтүстік-батысқа қарай 500 шақырымға созылып, ары қарай таралып жатыр. Қазір Ключи мен Козыревск ауылдарын күл басты. Милковский, Тигиль, Елизовский, Быстрин аудандарында және Петропавл-Камчатскіде де тура сол құбылыс қайталануы мүмкін.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жанартауды бейнебақылау қиын болып тұр (мұнда циклонның әсері жалғасуда, қар жауып, боран соғуда).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу