Сонымен қатар Тәшиев қасиетті күнде кешіру мен рухани тазалыққа ерекше тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kaktus media порталына сілтеме жасап.
"Егер мен қателесіп, біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Қасиетті Ораза айында әртүрлі қауесет таратқан және жала жапқан адамдарды Алланың разылығы үшін кештім. Келесі жолы олар мұндай қадамға бармай, шындыққа сәйкес емес ақпарат таратпайды деп үміттенемін. Жаратушы олардың жүрегін иманмен толтырсын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!", – деді ол.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол мерекелік намазға мешіттердің біріне барған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода оның қасында Ош қаласының бұрынғы мэрі Жеңісбек Токторбаев жүр.