Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 11 тұрғын әр түрлі жарақатпен ауруханаға түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселен, қала мектептерінің бірінде жоғарғы сыныпта оқитын оқушы әкесінің көлігін басқарамын деп, қоршауға соғылған. Жол сақшылары осындай балалардың ата-аналарын жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кездесуде балаларға көлік құралдарын бермеу, мотоциклдер мен мопедтер сатып алып беруге асықпау қажеттігі түсіндірілді. Скутердің өзін кәмелет жасына толғандарға тек жүргізуші куәлігіне қол жеткізген соң ғана беру керек.
"2023 жылы кәмелетке толмағандардың көлік басқаруының 168 фактісі, ал ағымдағы жылы 23 фактісі анықталды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқарған кәмелетке толмағандармен, олардың ата-аналарымен және педагогтарымен кездесу өткізді", - дейді, Облыстық Полиция департаменті, Жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Құқық қорғаушылар кәмелетке толмағандар көлік басқарған жағдайда олардың өздері және ата-аналары жауапкершілікке тартылатынын еске салады.