Ішкі істер вице-министр Санжар Әділов ескірті қылмысы бойынша жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда есірткі қылмысын жасағаны үшін 49 жасөспірім ұсталды. ҚАЖ мекемелерінде 9 жасөспірім отыр. Олар сотталғанға дейін есепте болмаған. Қылмысты ақша табу мақсатында жасаған. Алматыда мұндай жасөспірімдерге арналған жалғыз колония бар. Түрмеге түскен күннен бастап олармен профилактикалық шаралар жүргіземіз. Оған дәрістер, түсіндірме жұмыстары кіреді", – деді Санжар Әділов депутаттың сауалына берген жауабында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу