Кәмелетке толмаған 52 адам аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған

716

52 кәмелетке толмаған сотталушы қамаудан босатылмайды деген сөз. Осы турасында мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кәмелетке толмаған 52 адам аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған

Олар тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылықтан тыс қалады. 

"Алматы қаласында кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған жалғыз мекеме бар. Онда кәмелетке толмаған 52 жас қамауда отыр. Олардың барлығы аса ауыр және ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Осы сотталушылардың ешқайсына рақымшылық жасалмайды. Тек кәмелетке толмаған 12 сотталушының тәртібі мен жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жаза мерзімі жартылай немесе үштен бірге қысқартылады. Олардың ешқайсысы қамау орнынан босатылмайды", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу