Кәмелетке толмағандар да жұмыс істеген – порнография таратқан "қылмыстық топ" туралы

1054

Елде интернет бетінде порнография таратып келген "ұйымдасқан қылмыстық топ" жойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Кәмелетке толмағандар да жұмыс істеген – порнография таратқан "қылмыстық топ" туралы

"Былтыр шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілгенде онлайн жұмыс істейтін порностудия анықталды. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында пәтер жалдаған. Бүгінде 11 адам қамауға алынды: бесеуі – Қырғызстан, алтауы Қазақстан азаматы", – деді Шымкент полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.

Қылмыстық топты Қырғызстан азаматы ұйымдастырып, басқарған. Ұсталғандардан есірткі, шамамен 44 мың доллар ақша, екі Toyota Camry-70 көлігі және бір Lexus GX 460 көлігі тәркіленді. 

"Жалдамалы пәтерлерде 10-нан астам веб-студия жабдықталған. Онда шамамен 50-ден астам қыз жұмыс істеген. Екеуі кәмелетке толмағандар. Көпшілігі есірткі қолданады. Веб-студия аудиториясында негізінен шетел азаматтары. Қызметтеріне валютамен ақы төленген", – деді Бейсенбаев.

Ресми ақпаратта кәмелетке толмағандардың қай елдің азаматы екені айтылмаған. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің "ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету", "кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және олардың айналымы немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту" деген екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қазақстанда нақты уақыт режимінде жұмыс істеген порностудия алғаш анықталып отыр. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың трансұлттық сипатқа ие болу ықтималдығын жоққа шығармаймыз. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүрігізіліп жатыр", – деді Бейсенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу