Кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік есепке қалай қояды?

134

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Медициналық-әлеуметтік есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру ережелерін әзірледі. 

Кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік есепке қалай қояды? Фото: BBC

Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын, заңды өкілдерін профилактикалық есепке қою туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қою үшін негіз болып табылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Медициналық-әлеуметтік есепке алу ішкі істер органдары қолданатын жеке профилактика шараларын жүргізу кезең мерзімінде жүзеге асырылады.

Ішкі істер органдарын есепке қою туралы хабарлама есепке алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларға қатысты жеке профилактика шаралары жүргізілетін адамдарды медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, бейімдеу және оңалту мақсатында отбасын қолдау орталығына беріледі.

Орталық басшысы отбасының мәртебесін анықтау үшін балалар/отбасы мәселелері бойынша әлеуметтік қызметкерді тағайындайды.

Адамды кешенді сүйемелдеуді уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен отбасын қолдау орталығының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Адамды медициналық-әлеуметтік есептен шығаруға отбасын қолдау орталығының адаммен жұмысты аяқтау туралы ақпараты негіз болып табылады.

Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізуін үйлестіруді Орталық жүзеге асырады.

Құжат 14 маусымға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу