Кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен айналысатын мемлекеттік орган құрылуы мүмкін

871

Панасыз қалған балаларды ата-аналары мен заңды өкілдеріне беру құзіреті анықталады.

Кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен айналысатын мемлекеттік орган құрылуы мүмкін

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша 2020 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімде қорытынды әзірленеді. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бейбіт Мамраев мәлімдеді. 

"Заң жобасы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Атап айтқанда, ішкі істер органдарында есепте тұрған, кәмелетке толмаған балаларға тәрбиелік ықпал ету шараларын қабылдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органды нақтылау ұсынылады. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қадағалауынсыз және панасыз қалған балаларды ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне беру бөлігінде құзіретін анықтау көзделген. Өзгерістер мен толықтырулар 6 заңнамалық актіге, 3 кодекс пен 3 заңға енгізіледі. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алып, ол бойынша 2020 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу