Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін ата-аналары жазаланады

4300

Жасөспірімдердің, балалардың түнде жүрмеуін қадағалау үшін рейдтік алдын алу шаралары жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін ата-аналары жазаланады

Астанада күзгі демалыс кезінде түнгі уақытта үйден тыс жерлерде кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған рейдтік алдын алу шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды elorda.info Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.

Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарға балаларының қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді.

"Күзгі демалыс уақыты басталып, балалардың далада жүретін бос уақыты көбейді. Демалыс уақытының қайғы мен жарақатқа айналмауы өте маңызды. Сондықтан да балаларыңызға қала көшелерінде қауіпсіздік пен жол жүру ережелерін сақтау туралы ескертулеріңізді сұраймыз", - деп атап өтті Астана қаласы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

"Балаларыңызға түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салыңыз. Егер балаңыз үйге кеш оралса, оны күтіп алуға тырысыңыз, балаларға далаға шыққан кезде үлкен ақша бермеңіз, егер олар үйде жалғыз болса, таныс емес адамдарға есікті ашуға тыйым салыңыз. Егер сіз баланыздың тұрған жерін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақыт жоғалтпай тез арада полицияға хабарласыңыз", - дейді полицейлер.

Елордалық полиция департаментіндегілер баланың түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз болуы қайғылы оқиғалардың құрбаны болуы мүмкін екенін еске салды. Ата-аналардың бақылаусыздығы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы мүмкін немесе балалардың өздеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалуы мүмкін.

"Күзгі демалыс уақыты кезінде полиция қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуын анықтауға бағытталған рейдтік алдын алу іс-шараларын өткізеді. Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті полицейлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу