Заңнамаға сәйкес, тіркелмеген және сапасы расталмаған дәрілік заттарды сатуға жол берілмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 233-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, елімізде мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы сәйкестік сертификатымен расталмаған және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сату қағидаларының 18-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тек тіркелген өнімдерді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар субъектілерден сатып алу арқылы және белгіленген тәртіпте сапасы бағаланған жағдайда ғана өткізуге рұқсат етіледі.
Аталған қағидалардың 16-2-тармағына сәйкес, дәрі-дәрмектерді балаларға сатуға тыйым салынады. Ал Кодекстің 241-бабына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар белгіленген тәртіпте сапа бағалау рәсімінен өтуі тиіс.
Мамандардың айтуынша, бұл талаптарға қарамастан интернет-сауда арқылы кәмелетке толмағандардың дәрі-дәрмектерді бақылаусыз сатып алу қаупі сақталып отыр.