Кәмелетке толмай шаңырақ көтергендердің 90 пайызы ажырасады

941

Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы осындай. 

Кәмелетке толмай шаңырақ көтергендердің 90 пайызы ажырасады

Нұр-Сұлтанда "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен "Ерте жастағы неке" тақырыбында дөңгелек үстел барысында сарапшылар Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысымен таныстырды.

"Рухани жаңғыру" ҚҚДИ төрағасының орынбасары Әсем Қайдарованың айтуынша, адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі отбасы екенін ескерсек, ерте жастағы неке бүгінде қоғам үшін өте ауыр, әрі өзекті мәселе.

"Статистиканың өзі де ерте жастағы некелердің 90%-ының болашағы жоқ екенін, арты ажырасуға апарып соғатынын көрсетіп отыр. Осы саладағы сарапшылардың пікірінше, отбасының бұзылуы да көп жағдайда ерте шаңырақ көтергеннен болады. Өйткені, отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайын болмаған бозбалалар мен бойжеткендер өздеріне түскен салмақты көтере алмай қалып жатады", – деді Әсем Қайдарова.

Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Әйгерім Әшімованың айтуынша 2019 жылы 984 қыз кәмелеттік жасқа толмай неке қиған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, кәмелеттік жасқа толмай үйленген бозбалалардың саны былтыр 70 болған. 
"Биыл жарты жылдықта 15-18 жасында аяғы ауыр болған 3398 нәзік жанды тіркеліпті. Оның 552-сі түсік тастауға жүгінген", - деді ол. 
 Неке, ерте жастағы неке, жастар, ажырасу

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу