"Камералар тіркейді": Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады

2637

Жыл басынан бері Астанада бағдаршамның сары түсіне өткені үшін 400-ге жуық жол апаты тіркелген. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам түрлі жарақат алған.  

"Камералар тіркейді": Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады Фото: IStock

Осыған байланысты Астана полиция басқармасы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көбінесе жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады. Соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелген. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болғанын баса айтты полиция мамандары.

Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал, жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу