Камераға қызыққан қар барысы Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, жануарлар кадрларға кездейсоқ түсіп қалып, әдетте байқамай өтіп кетеді. Егер байқап қалса, ормандағы ерекше құбылыс ретінде оған қызығушылық танытады.
Айта кету керек, жабайы жануарлардың қозғалысын бақылау үшін ұлттық паркте 15 фототұзақ орнатылған. Қар барысы объективке жиі түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу