"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары ("үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереленді, олар адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алды. Тергеу жалғасуда", – деп жазылған "Антикор" таратқан хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілген жоқ.