"Кәмпит берем": Балқашта 41 жастағы ер адам кішкентай қызды зорламақ болды

562

Оқиға Балқаштағы үй аулаларының бірінде 18 сәуірде болған. 

"Кәмпит берем": Балқашта 41 жастағы ер адам кішкентай қызды зорламақ болды Фото: vikna.tv

41 жасар ер адам балаларды "кәмпит беремін" деп алдап, үйіне қонаққа шақыруды әдет қылған. Балалардың бірі анасына шағымданған. Күдікті ұсталды, деп жазады Inbusiness.kz.

Оқиға 18 сәуірде болған. ekaraganda.kz дерегінше, сол күні аулада жүрген қыздардың бірі анасына біртүрлі ер адам туралы айтқан. Әйел бірден полицейлерді шақырады.

Құқық қорғау органдары 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы психоневрологиялық диспансердің есебінде болған. Ер адам денсаулығына байланысты емделуге жіберілді.

Бұрын оның мұндай мінез-құлығын ешкім байқамаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу