Қамшыбек Қоңқабаев алтынға татырлық күміс еншіледі

350

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев – Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қамшыбек Қоңқабаев алтынға татырлық күміс еншіледі Фото: Спорт министрлігі

+92 кг салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Құңқабаев Ханчжоуда өткен Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 

Финалда ол өзбекстандық Баходир Джалоловтан жеңіліп қалды. Осылайша, қазақ боксшылары Азия ойындарында алтын медальсіз қалды.

Айта кетсек, бокстан өткен Әлем чемпионатында  Қамшыбек Қоңқабаевтың жолын дәл осы Баходир Джалолов кескен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу