Қазақстан командасы үшін бүгінгі жарыс күні сәтті өтті, деп жазады Olympic.kz.
Қазақстандық боксшылар алтыншы жолдамасына қол жеткізді. Кешкі сессияда ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Қамшыбек Қоңқабаев қытайлық Маймаийти Аемайитиді айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, аса ауыр салмақта сынға түскен команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайды.
Айта кетелік, бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Надежда Рябец (75 келі) 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу