Әлем біріншілігіне Василий Левит те бармайды. Белградтағы бокс бәсекесінде ауыр салмақта Қазақстан жастар құрамасының өкілдері бақ сынайды.
Айта кетейік, Сербиядағы сайыс 3 емес, 4 ауыр салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады.
Байрақты бәсекеде Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет жаңа салмақта жұдырықтасуы мүмкін.
Әлем біріншілігіне Қазақстан бокс құрамасы төмендегі салмақ дәрежелері бойынша аттануы ғажап емес:
80 келіге дейін - Нұрбек Оралбай, Бауыржан Байгөшеков және Азамат Бектас.
86 келіге дейін - Сағындык Тоғамбай, Бек Нұрмағанбет және Оңталап Рахманов.
92 келіге дейін - Айбек Оралбай, Мәди Әміров және Айболды Дәуренұлы.
92 келіден аса - Сабырғали Аманат, Мұхамеджан Еркін, Даниял Сапарбай және Нұрлан Сапарбай.
Қанат Махамбет