Қамшыбек Қоңқабаев бірлескен оқу-жаттығу туралы айтты

1012

91 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев өз ойын ортаға салды.  

Қамшыбек Қоңқабаев бірлескен оқу-жаттығу туралы айтты

Нұр-Сұлтанда бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

 "Бірлескен оқу-жаттығу жиыны осыған дейін Куба, Венгрия, Жапония сындық мықты мемлекеттің командаларымен өткіздік. Қазіргі таңда Ұлыбритания, Германия, Беларусь сынды мемлекеттің ұлттық құрамаларымен бірлесе тәжірибемізді шыңдап жатырмыз. Қарсыластар жарыс кезінде басқа, жаттығу кезінде басқа болады. Осындай бірлескен жаттығулар біздің қарсыластарымызды жаңа қырынан тани түсуге көмектеседі. Бокстан құрлықтық лицензиялық турнирдің уақыты бір айға алға жылжыды. Уақыт пен жарыс өтетін жерге қарамастан дайындықты үдетіп, бар күш жігерімді саламын. Бокстан жалпы екі лицензиялық турнир жоспарланғанымен, нақты кімдердің баратынын бапкерлер құрамы жақындағанда шешеді, – дейді ұлттық құраманың көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев.

Айта кетерлігі, бокстан бірлескен оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтан қаласында 2 ақпанға дейін жалғасады.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу