Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді

441

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегіне дайындалуда, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қоңқабаевтың келесі қарсыласы - украиналық Сергей Радченко. Жекпе-жек кеші 18 желтоқсан күні Алматыда өтеді. 

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын. Әлемдегі індетке байланысты боксшылардың толыққанды жаттығу жасап, жарысқа қатысуына мүмкіндік болмаған соң, ол кәсіби бокста бақ сынауды жөн көрген. 

Боксшының өзі бұл қадамға Олимпиадаға дайындықты күшейту үшін барғанын айтты. Кәсіби бокстағы бірінші жекпе-жегінде Қоңқабаев қазақстандық Иса Ақбербаевты ұтқан болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу