Қамшыбек Қоңқабаев: Олимпиада алтынына дейін мен әуесқой бокстан кетпеймін

478

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Қамшыбек Қоңқабаев: Олимпиада алтынына дейін мен әуесқой бокстан кетпеймін

Кәсіпқой бокстағы жолын сәтті бастаған Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жектен кейін Olympic.kz сайтына сұхбат берді.

"Кәсіпқой бокс пен әуесқой бокстың әрқайссының өзіне тән ерекшеліктері болады. Кәсіпқой бокс он екі раунда созылатындықтан жекпе-жекті асықпай бастап, төзімділікке жұмыс істейсің. Ал әуесқойда  үш раунд болғандықтан уақыт аз, жекпе-жекті бірден бастап кетесің. Сондықтан, кәсіпқой бокс пен әуесой бокстың жекпе-жектерінде де, жаттығулары мен раундтарында да айырмашылықтар болады. Жекпе-жек барысында жаттықтырушылардың айтқан тактикасы бойынша жұмыс істедім. Бір қолмен қадағалай отыра, екінші қолмен шабуыл жасап отырдым. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда, екінші раундта қарсыласты нокаутпен жеңдім. Кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізуімдегі негізгі мақсат – Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалу, мықты болып бару. Менің қазіргі таңда тек қана бір мақсатым бар. Ол – Олимпиада алтыны. Осыған орай, кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, өзімді жан-жақты шыңдап жатырмын. Кәсіпқой бокстағы жолым сәтті болғанымен Олимпиада алтынына дейін мен әуесқой бокстан кетпеймін", – дейді Қамшыбек Қоңқабаев. 

Айта кетерлігі, Қамшыбек Қоңқабаев 23 тамызда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Иса Ақбербаевты жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу