Бүгін Астанада "Kazakh Invest" компаниясы басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытайдың "Qifeng New Material" компаниясының басшысы Ли Хуфенгпен кездесті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығару жобасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Инвестор жобаға кезең-кезеңмен 320 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Іске асырылған жағдайда қамыстан целлюлоза және қағаз өндірісінің көлемі жыл сайын 200 мың тоннаны құрайтын болады. Фабрикаға 2 мыңнан аса адам жұмысқа алынады деп жоспарланады. Өндірісте қағазды ағартудың хлор құрамынсыз экологиялық технологиясы – ECF (Elementary Chlorine Free) маркерлеуімен қолданылатын болады.
"Qifeng New Material" өкілдері шетелдік компанияларға ұсынылатын инвестициялық преференциялармен танысты. "Kazakh Invest" компаниясының өкілдерімен бірлестікте жобаны іске асыратын орын таңдау үшін бірқатар өңірлерге бару жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Айта кетсек, "Qifeng New Material" сәндік қағаз және тоқыма емес тұсқағаз жартылай фабрикатының әлемдегі ең ірі өндірушісі болып табылады. Өнімдері әлемнің 30-дан аса еліне экспортталады. Компанияның 212 ұлттық патенті және шешуші өнертабыстарға 18 патенті бар.