"Қан мен бір уыс шаш": Сотта Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамхананың суреттері көрсетілді

2145

Елорда соты әйелін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты іс материалдарын зерттей бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қан мен бір уыс шаш": Сотта Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамхананың суреттері көрсетілді Фото: Жоғарғы сот

Прокурор Айжан Аймағанова материалдардағы фотолар мен құжаттарды экранға шығаруды сұрады.

Кадрларда Салтанат Нүкенованың мәйіті табылған №1 VIP-кабина, сондай-ақ мейрамхана аумағында табылған түрлі қан дақтары көрсетілген. Қан іздері еденнен ғана емес, №1VIP кабинадағы перделерден де табылған.

Іс материалында мейрамханадағы үстелден табылған бір уыс шаштың фотосы да бар. Бұған қатысты Бишімбаев Салтанат Нүкенованың басынан сипап, шашын қолына алып, үстелге қойғанын түсіндірді.

Істің бірінші томдарының материалдарын оқи отырып, прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтың сотқа дейінгі тергеу кезінде айғақ беруден бас тартқанын ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу