Канада Ресейге қарсы салынған экономикалық санкциялар аясында 413 миллион доллар тұратын (шамамен 320 миллион доллар) ресейлік активтерді бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Санкциялардың сақталуын бақылайтын корольдік полициясының мәліметі бойынша, Канадада 24 ақпаннан 9 тамызға дейін Ресейге тиесілі 122,3 миллион канадалық доллар тұратын мүлік бұғатталды, Ресейге қатысты арнайы экономикалық шаралар туралы акті бойынша жарияланған тыйымға сәйкес, 290,7 миллион долларлық транзакциялар тоқтатылды.
Бұған дейін Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін мақұлдаған еді. Жаңа шектеулер бойынша, Ресейден әкелінетін мұнайды импорттауға ішінара эмбарго енгізу және Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажырату қарастырылған.
Табиғат Нұрболат