Канада 40 мың ауған босқынын қабылдайды

713

Бұған дейін Канада Ауғанстаннан 3,7 мың адамды, оның ішінде Канада азаматтары мен босқындарды көшіріп алған еді.

Канада 40 мың ауған босқынын қабылдайды

Канада билігі 40 мың ауған босқынын қабылдайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел премьер-министрі Джастин Трюдоның мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оларды АҚШ пен басқа елдер Ауғанстаннан эвакуациялайды.  

Трюдо жариялаған үкімет құжатына сәйкес, Оттава Батыс елдерінің әскери әрекеті кезінде канадалық әскери қызметшілерге көмектескен ауғанстандықтар мен олардың отбасы мүшелерін ғана емес, сонымен қатар статусы канадалық гуманитарлық бағдарламаларға сәйкес келетіндерді де қабылдайды.

Тамыз айының аяғында Канаданың иммиграция, босқындар және азаматтық жөніндегі министрі Марко Мендицино Канада 5 мыңға жуық ауған босқындарын, соның ішінде АҚШ пен бірқатар елге жіберілгендерді қабылдайтынын жариялаған еді. Бұған дейін Канада Ауғанстаннан 3,7 мың адамды, оның ішінде Канада азаматтары мен босқындарды көшіріп алған еді.

Трюдоның айтуынша, G20 тобының елдері Ауғанстандағы адам құқығын қорғауды жалғастырады және ауғанстандықтарды қажетті гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуге күш салады.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу