Канада билігі мен Google компаниясы елдегі жаңалықтар контенті үшін төлем жасау туралы келісімге келді

267

Бұл туралы Канаданың мұра министрі Паскаль Сент-Онж мәлімдеді. 

Канада билігі мен Google компаниясы елдегі жаңалықтар контенті үшін төлем жасау туралы келісімге келді Фото: pixabay.com

Канада үкіметі мен Google келісімге келді. Осыған сәйкес, американдық компания канадалық БАҚ-қа жаңалықтарын таратқаны үшін төлем жасауға келісімін берді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"10 жылдан астам уақыт бойы канадалық БАҚ қызметі Google сияқты ірі цифрлық платформалардың пайда болуына байланысты бұзылды. Канадада осы себепке байланысты 500-ге жуық БАҚ жабылып, мыңдаған журналистер жұмыссыз қалды. Осыған байланысты, Канада және кейбір басқа елдердің билігі цифрлық салада БАҚ-ты қорғау тетіктерін әзірледі", - деп мәлімдеді Канаданың мұра министрі Паскаль Сент-Онж.

Ресми ақпараттарға сәйкес,  бұған дейін Google компаниясы канадалық БАҚ-қа олардың мазмұнын таратқаны үшін қандай да бір өтемақы төлеуден бас тартты. Сонымен қатар, канадалық жаңалықтарға сілтемелер беруді тоқтатамыз деп үрей тудырды.

Айта кетейік, маусым айында Канадада жергілікті басылымдардың мазмұнын Meta және Google сайттарында тарату үшін ақы төлеуді талап ететін заң күшіне енді. Жаңа ережелер цифрлық платформаларды канадалық БАҚ-пен олардың әлеуметтік желілерінде жарияланған жарияланымдарына қатысты коммерциялық келісімдер жасауға міндеттейді.

Бұл шара канадалық журналистерді қолдауға арналған. Өйткені, қазіргі таңда елде БАҚ саласы дағдарысты бастан кешіруде. Сондай-ақ, 2008 жылдан бері елде 450-ден астам түрлі БАҚ жабылды. Осыдан кейін, Меtа компаниясы канадалық БАҚ басылымдарын Facebook және Instagram қолданушылары үшін қолжетімсіз ету туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу