Канада хоккейден әлем чемпионатында жеңіске жетті

422

Канада ұлттық құрамасы чемпиондық атақты бұған дейін 27 рет жеңіп алған.

Канада хоккейден әлем чемпионатында жеңіске жетті Фото: sports.kz

Канада құрамасы Германияны жеңіп, шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тампередегі Nokia Arena аренасында өткен финалдық кездесуде әлемнің 27 дүркін чемпиондары Германияны 5:2 есебімен жеңді. Канадалықтардың қақпасына Блез (екі рет), Краузе, Тоффоли және Лотон гол соқса, немістерге Петерка мен Фишбух гол соқты. Соңғы рет Канада екі жыл бұрын әлем чемпионатын жеңіп алған болатын.

Ал, тарихта тұңғыш рет турнир қожайындарының бірі Латвия құрамасы чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Олар АҚШ құрамасын 4:3 есебімен ұтты, латыштар қосымша уақытта жеңіс голын соқты. Келесі әлем чемпионаты бір жылдан кейін Чехияда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу