Канадада қытайлық Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоу АҚШ-тың сұрауымен қамауға алынды. Себебі, Вашингтон Ваньчжоу ханым Құрама Штатттардың Иранға салған санкцияларын бұзды деп айыптап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті сот ертең оны Америка тарапына беруді қарастырмақ.
Ал Қытай осы іске байланысты Канадаға ресми наразылық білдірді. Бейжің "бұл әрекет адам құқықтарын өрескел бұзу" деп, Оттавадан Ваньчжоу ханымды дереу босатуды сұрап отыр.
Айта кетейік, Мэн Ваньчжоу Huawei компаниясын құрушы Жэнь Чжэнфэяның туған қызы. Ол бірлестіктің қаржы директоры, сонымен қатар компания төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу